Accessibility links

АҚШ: Асадпен ешқандай келіссөз болмайды


АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джен Псаки.
АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джен Псаки.

"АҚШ Сирия президенті Башар Асадпен қандай да болсын келіссөз жүргізбейді" деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джен Псаки.

16 наурыз күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри "Сириядағы азамат соғысын саяси жолмен тоқтату үшін Башар Асадпен келіссөз жүргізілуі мүмкін" екенін айтқан.

Псаки "Вашингтон келіссөзге Башар Асадтың өзі емес, Асад үкіметі өкілдерінің араласуына келіскенін" айтты.

Вашингтон бұған дейін "Сирияда елдің жартысына жуық аймағын басып алған "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы содырларына қарсы соғысқа баса көңіл бөлетінін" айқын білдірген.

Сириядағы азамат соғысы бесінші жылға созылып барады. Соғыстан 200 мыңнан астам адам қаза тауып, миллиондаған адам көрші елдерге босып кетті.

Әскері көтерілісшілермен соғысып жатқан Асад биліктен өз еркімен кетпек емес.

XS
SM
MD
LG