Accessibility links

ҚКХП үміткері президенттікке кандидат болып тіркелді


Қазақстан коммунистік партиясы президенттік сайлауға ұсынған үміткер Тұрғын Сыздықов. Астана, 4 наурыз 2015 жыл.
Қазақстан коммунистік партиясы президенттік сайлауға ұсынған үміткер Тұрғын Сыздықов. Астана, 4 наурыз 2015 жыл.

Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Қазақстан коммунистік халықтық партиясы ұсынған Тұрғын Сыздықовты кезектен тыс президент сайлауына кандидат етіп ресми түрде тіркеді.

Бұл жайында бүгін ОСК хатшысы Бақыт Мелдешов комиссия отырысында мәлімдеген.

Мелдешовтің сөзінше, Тұрғын Сыздықов кандидат ретінде тіркелуге қажетті барлық құжаттарын ОСК-ға тапсырған. ОСК хатшысы Сыздықов өзін қолдайтын 98 мың 384 адамның қолын жинап тапсырғанын айтады. Кандидат ретінде тіркелу үшін үміткер өзін қолдайтын 93 мыңнан астам адамның қолын жинауы қажет.

ОСК бұған дейін президенттік сайлауға кандидат ретінде президент, "Нұр Отан" партиясы ұсынған Нұрсұлтан Назарбаевты тіркеген.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 26 сәуір күні өтеді.

XS
SM
MD
LG