Accessibility links

Этникалық қазақ - Польша президенттігіне үміткер


Польшада тұратын этникалық қазақ, Польша президенттігіне үміткер Балли Мажец.
Польшада тұратын этникалық қазақ, Польша президенттігіне үміткер Балли Мажец.

Польшада тұратын этникалық қазақ әйел, "Еуропадағы қазақ оппозициясының белсендісі" деп сипатталатын Балли Мажец Польша президенттігіне үміткер болып тіркелді. Польша орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, Балли Мажец президенттікке 24-үміткер болып 16 наурызда тіркелген.

Балли Мажец - бірнеше жыл бұрын Қазақстаннан Польшаға кетіп, сол елде тұрақтап қалған қоғамдық белсенді.

Балли Мажец шет елдерде өтетін Қазақстанға қатысты халықаралық жиындарға барып, саяси режимді сынап сөз сөйлеп тұрады. 2007 жылы қараша айында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Словакияға ресми сапармен барғанда Балли Мажец Братислава қаласында наразылық пикетін ұйымдастырған.

Польшада президент сайлауы 10 мамырда өтеді.

XS
SM
MD
LG