Accessibility links

Құсайынов ерте сайлауға кандидат болып тіркелді


Қазақстан кәсіподақ федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов.
Қазақстан кәсіподақ федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов.

Мерзімінен бұрын президент сайлауына өзін-өзі ұсынған Әбілғазы Құсайыновты Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) президент сайлауына кандидат ретінде тіркеді.

Орталық сайлау комитетінің хабарлауынша, Құсайынов сайлаушылардан 132 мыңнан аса қол жинаған. Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан коммунистік халықтық партиясы Тұрғын Сыздықов ресми түрде кандидат болып тіркелген.

Сайлауға өзін өзі ұсынған Әбілғазы Құсайынов Қазақстан кәсіподақтары федерациясының төрағасы. Ол басқаратын федерация бұл сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдайтынын мәлімдеген.

ОСК-нің хабарлауынша, президенттікке кандидат ретінде өзін-өзі ұсынған Хасен Қожа-Ахмет мемлекеттік тіл емтиханынан өткен, оған қолдаушыларынан қол жинау үшін тиісті құжаттар берілген.

Ал президенттікке өзін-өзі ұсынған Қанат Есжанов тіл емтиханын тапсырудан бас тартқан.

Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы 26 сәуірде өтеді.

XS
SM
MD
LG