Байқоңыр ғарыш айлағынан бүгін Астана уақыты бойынша 04:05-те ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырылды. "Бриз-М" үдеткіш блогы бар зымыран тасығыш ғарышқа ресейлік "Экспресс-АМ7" байланыс спутнигін алып ұшқан.
"Роскосмостың" хабарлауынша, зымыран ұшырылғаннан бірер минуттан соң одан "Бриз-М" үдеткіш блогы мен байланыс спутнигі белгіленген уақытта ажыраған. Спутник бүгін Астана уақыты бойынша 13:18-де үдеткіш блоктан ажырап, орбитаға шығуы тиіс.
"Экспресс-АМ7" спутнигі Ресей, Еуропа және Үндістан территориясына телерадиохабарларын тарату, интернет қызметі, мәліметтерді беру, телефон қызметтерін көрсетуге арналған.