Accessibility links

Қазақстан мұнайға баж салығын азайтты


Каспий теңізінің Қашаған кенішіндегі мұнай ұңғымасы. (Көрнекі сурет).
Каспий теңізінің Қашаған кенішіндегі мұнай ұңғымасы. (Көрнекі сурет).

Қазақстан мұнай мен мұнай өнімдеріне салынатын кедендік баж салығын азайтты.

Ресми баспасөзде жарияланған үкімет қаулысына сәйкес, мұнайдың бір тоннасы үшін салынатын кедендік баж салығы 80 АҚШ долларынан 60 долларға дейін азайған. Бұған қоса үкімет мұнай экспорты рентабельді деп есептелмейтін мұнай бағасының шектік көлемін бекітті. Ол бойынша, бір тоннасы 138,6 АҚШ долларынан экспортталатын мұнайдан пайда түспейді.

Бұған қоса, газойль, сұйық отын, мазут, жағатын майлар мен мұнай битумы экспортына салынатын баж салығы көлемі де өзгерді.

Қаулы баспасөзде ресми жарияланған 19 наурыздан бастап күшіне енеді.

XS
SM
MD
LG