Бүгін Астанада Қазақстан, Ресей және Беларусь президенттері Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин мен Александр Лукашенко кездеседі.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшылары өзара сауда-саттық пен үш елдің ортақ экономикалық байланысын дамытуды, әлемдік экономикалық ахуал мен Украинадағы жағдайды талқылайды.
Кеше Назарбаев Ақордада Астанаға келген Александр Лукашенкомен кездескен. Кремльдің баспасөз қызметі Путиннің Астанаға 19 наурыз күні түнге қарай келгенін хабарлады. Путин Астанада Назарбаевпен жеке де кездеспек.