Accessibility links

ИМ Йемендегі терактілерді мойнына алған


Жарылыс болған мешітте жүрген тергеушілер. Сана, Йемен, 20 наурыз 2015 жыл.
Жарылыс болған мешітте жүрген тергеушілер. Сана, Йемен, 20 наурыз 2015 жыл.

«Ислам мемлекеті» экстремистік тобы Йеменде жұма күні екі мешітке жасалған террорлық шабуылдарды мойнына алды деп хабарлайды ВВС.

Бұл топ осы уақытқа дейін Йеменде жасалған ірі шабуылдарға қатысты жауапкершілікті мойнына алған емес.

Наурыздың 20-сы күні Йемен астанасы Сана қаласында екі мешітте болған жарылыстар салдарынан 137 адам қаза тауып, 345 адам жараланған. Террорлық шабуылдарды жасағандар өз-өзін жарып жіберген.

Шабуылдар болған мешіттерде негізінен Йеменнің солтүстігіндегі ауқымды территорияны және ел астанасын бақылауда ұстап отырған шиит көтерілісшілері – хуситтерді жақтайтындар жиналатын.

Бірнеше жылдан бері саяси тұрақсыздық қалыптасқан Йемендегі 21 аймақтың тоғызын былтыр күзден бері хуситтер бақылауға алған. Олар ел астанасы Сана қаласын басып алған соң Йемен үкіметі елдің оңтүстігіндегі Аден қаласына қашқан.

XS
SM
MD
LG