Accessibility links

Қазақстан Наурызды тойлап жатыр


Алматыдағы Наурыз мейрамы
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:56 0:00

ВИДЕО: Алматыдағы Наурыз мейрамынан Азаттық жүргізген тікелей видеотрансляциядан үзінді. 22 наурыз 2015 жыл.

Қазақстанда бүгін екінші күн қатарынан Наурыз мейрамына арналған той-думан шаралары өтіп жатыр.

Алматыда орталық мәдениет және демалыс паркінде киіз үйлер тігіліп, мерекеге жиналғандар осы күнге арнайы дайындалған ұлттық тамақ - наурыз көжеден дәм татып, әншілердің өнерін, арқан тарту, қол күрестіру, асық ату, гир көтеру ойындарын қызықтады деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Мейрамға байланысты Алматы кинотеатрларында қазақстандық кинофильмдердің тегін көрсетілімі өтіп жатыр.

Қазақстанда мемлекеттік мереке болып жарияланған Наурыз мейрамы айдың 21-інен бастап үш күн қатарынан тойланады. Күнтізбе бойынша, 2015 жылы мейрам күндері апта соңына дөп келгендіктен, мереке күндері туралы заңға сәйкес, ол күндер келесі апта басына ауыстырылып, биылғы Наурыз мейрамында елде бес күн демалыс жарияланған.

Қазақстанда 1926 жылы мұсылманның діни мейрамы ретінде тыйым салынған Наурыз мерекесі 1988 жылдан бастап қайта тойлана бастаған.

XS
SM
MD
LG