Accessibility links

Польша мен АҚШ әскери әріптестікті нығайтып жатыр


АҚШ-тың M1 Abrams әскери танктері. Польша, 18 наурыз 2015 жыл.
АҚШ-тың M1 Abrams әскери танктері. Польша, 18 наурыз 2015 жыл.

Польша үкіметі АҚШ-пен әскери саладағы әріптестікті дамытуға ниетті деп мәлімдеді Польша вице-премьері әрі қорғаныс министрі Томаш Семоняк екі елдің бірлескен әскери жаттығулары кезінде.

Польша өз тарихында талай рет өз жеріне келген бөтен елдің әскерінен зардап шеккен, бірақ «америкалық әскерилер достық сенімдегілер болғандықтан, олардың Польшада болғанын қалар едік» деген Семоняк.

Томаш Семоняк пен Польшадағы АҚШ елшісі Стивен Малл Сохачев қаласында өтіп жатқан екі елдің бірлескен Atlantic Resolve әскери жаттығуларын бақылады. Бұл жаттығуларға АҚШ-тың 100-ге жуық сарбазы және «Патриот» зымыран қаруы батареясы қатысып жатыр.

«Белсенді әріптестігіміз жыл бойы жалғасып келеді. Бұл – Еуропаның шығысында болып жатқан жайтқа одақтастардың жауабы» деп мәлімдеген Семоняк.

АҚШ елшісі Малл «Америка бұл жерде Польшаны қолдау және қорғау үшін жүргенін» және жаттығу АҚШ үшін «одақтастарға кепілдік беру – қағаз бетіндегі сөз болып қалмайтынын» көрсету екенін айтқан.

XS
SM
MD
LG