Батыс елдері Украинаға көмек беру үшін, оның ішінде қорғаныс қаруын беру де бар – қолдан келер барлық мүмкіндіктерді пайдалануы тиіс деп мәлімдеді бүгін «Брюссель форумында» сөйлеген Еуропадағы НАТО біріккен күштерінің қолбасшысы Филип Бридлав.
Украинаға қару беруді жақтайсыз ба деген сауалға Бридлав: «Украинаға қарсы дипломатиялық, ақпараттық, әскери, экономикалық құралдар мен амал-әдістер қолданылып жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан мен Батыс бұған жауап ретінде барлық мүмкіндіктерді қарастыруы тиіс деп санаймын» деп жауап берген.
Филип Бридлавтың сөзінше, бұл ондағы жағдайды тұрақсыздандырып жіберуі мүмкін. Сонымен бірге ол ешқандай іс-әрекет танытпай отыру да тұрақсыздыққа себеп болуы ықтимал екенін айтқан.