Accessibility links

Молдованың Гагаузия аймағында сайлау өтіп жатыр


Сайлау учаскесінен шығып келе жатқан әйел. (Көрнекі сурет)
Сайлау учаскесінен шығып келе жатқан әйел. (Көрнекі сурет)

Молдованың оңтүстігіндегі автономиялық облысы – Гагаузияда бүгін аймақ басшысы сайлауына дауыс беріп жатыр.

Сайлауға түскен он адамның бәрі тәуелсіз кандидат ретінде тіркелген. Аймақ басшысын сайлау барысын 180-ге жуық бақылаушы қадағалайды. Олардың қатарында жергілікті бақылаушылармен қоса Еуропа Одағы, ТМД парламентаралық ассамблеясы және БҰҰ жіберген өкілдер бар.

Гагаузия орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, егер тізімдегі 105 мың сайлауышының тең жартысынан астамы дауыс беруге қатысқан жағдайда сайлау өткен болып саналады.

Автономиялық аймақта барлығы 150 мыңнан аса адам тұрады. Олардың 80 пайыздан астамын негізінен православ дінін ұстанатын түркітілдес халық – гагауздар құрайды.

XS
SM
MD
LG