Accessibility links

Франция өңірлік сайлауында Саркози партиясы жеңді


 Николя Саркози.
Николя Саркози.

Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозидің партиясы жергілікті сайлаудың бірінші айналымында озып шықты. Жексенбі күні Ұлттық майданның жетекшісі Марин Ле Пен сайлаудан жеңетіндерін мәлімдеген еді. Енді жағдай өзгеріп сала берді.

Ле Пен партиясы иммиграция мен еврейлерге қарсы саясат жүргізетінін мәлімдеп келеді. Оның енді 2017 жылғы президент сайлауындағы мүмкіндігі де әлсірейді.

Сайлаудың алдын ала жарияланған ресми деректері мен экзит-полл нәтижелері сәйкес келіп отыр. Онда Саркози партиясы мен оның одақтастарының сайлаушылардың 30 пайыз даусын алғаны, ал Ұлттық майданның 26 пайыз дауыс алғаны айтылған.

Сайлау алдындағы зерттеулер бойынша, оңшылдар мен әсіреоңшылдардың алдағы саяси бәсекеде таласқа түсетіні анық болған еді.

Францияның қазіргі президенті Франсуа Олландтың жақтастары - социалистер 21 пайыз дауыспен үшінші орын алды.

Саркози Ұлттық майданмен қандай да бір альянс құрмайтынын мәлімдеп те үлгерді.

XS
SM
MD
LG