Accessibility links

Неміс газеті: Немцов АҚШ санкцияларын әзірлеуге қатысқан


Немцовтың қазасына көңіл білдіруші ресейліктер. Мәскеу, 9 наурыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет)
Немцовтың қазасына көңіл білдіруші ресейліктер. Мәскеу, 9 наурыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Германияда шығатын Frankfurter Allgemeine Sonntagszeitung газеті арнайы қызметтердегі ақпарат берушілеріне сілтеме жасай отырып, "Немцов АҚШ-қа 2014 жылғы Қырым аннексиясына байланысты Ресейдің қандай шенеуніктеріне санкция салу керек екені жөнінде кеңес берген" деп жазады.

Газет "Немцовтың өліміне оның осы әрекеті әсер етуі мүмкін" дейді. Ресей оппозиционері Владимир Милов мұндай болжамды "шындыққа жанасады" деп санайды. Оның сөзіне қарағанда, Путин мен оның маңайындағы тұлғалар санкциялар елдің қаржы секторына мұншалық зиян келтіреді деп ойламаған. Милов "Олар (билік) Немцовты санкциялардың өте зиянды болуына кінәлі санайды" деген.

Немцов 2012 жылы да АҚШ-қа "Магнитский тізімін" жасауға көмектескен. Басылым ақпаратына қарағанда, 2014 жылы Немцов АҚШ-тың республикашыл сенаторлары - Джон Маккейн және Рон Джонсонмен кездескен. Кездесу кезінде Немцов оларға санкция тізіміне енуі тиіс 13 ресейліктің тізімін берген. Олардың ішінде Путиннің жақын серіктері де болған. Газет "Немцовтың қызметін АҚШ миллиардері Джордж Сорос қаржыландырып отырған" деп жазады.

XS
SM
MD
LG