Accessibility links

Кабулде әйел қазасынан соң шеру өтті


«Құран өртеді» деп айыпталған әйелді өлтіргендерді жазалауды талап етушілер. Кабул, 23 наурыз 2015 жыл.
«Құран өртеді» деп айыпталған әйелді өлтіргендерді жазалауды талап етушілер. Кабул, 23 наурыз 2015 жыл.

Ауғанстанның астанасы Кабул қаласында жүздеген адам шеруге шығып, «Құран өртеді» деп айыпталған әйелді өлтіргендерді жазалауды талап етті.

Кабулде бірнеше күн бұрын бір топ адам 27 жастағы Фархунда есімді әйелді таяқтап өлтіріп, денесін өртеп, сүйегін өзенге ағызып жібергені жайлы видео тараған.

Дүйсенбі күні Кабулде наразылық танытқандар биліктен Фархунданың қазасына айыптыларды тауып, жазалауды талап етті. Олар «Құран өртеді» деген айыпқа бола адам өртеу – жауыз, қатыгез іс» деп мәлімдеді.

Наурыздың 19-ы күні болған оқиғаның телефонға түсірілген видеосында ондаған адамның жас әйелді тепкілеп, ұрып-соғып өлтіргені, топ арасындағы полицейлердің ол оқиғаға жай қарап тұрғаны көрсетілген. Ауған билігі ол оқиғаға байланысты арасында 8 полицей бар 13 адам тұтқындалғанын, қылмысқа қатысы барлар жазасын алатынын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG