Accessibility links

Конгресс президентке Украинаға қару жіберуді ұсынды


Луганскідегі сеператист. (Көрнекі сурет).
Луганскідегі сеператист. (Көрнекі сурет).

АҚШ конгрессінің өкілдер палатасы дүйсенбіде Украинаға қару жіберуді бастау жөнінде ел президенті Барак Обамаға ұсыныс беретін қарарды қабылдады.

Қарарды қолдап 348 заң шығарушы дауыс берсе, 48-і қарсы шықты. Құжат Украинаны қорғаныс қаруымен қамтамасыз етуде конгресстің президентке берген өкілеттігін қолдануға шақырған.

Қарарда "тәуелсіз, демократиялық Украинаның АҚШ ұлттық мүддесіне сай келетіні" атйылған.

Қарар авторлары республикашыл Эд Ройс пен демократ Элиот Энджел қарудың Украина халқының қорғанысы үшін қажет екенін айтады. Олар Украина шығысындағы қақтығысқа Ресейді кіналайды.

XS
SM
MD
LG