Accessibility links

Ирак пен коалиция күштері Тикрит маңына соққы берді


Тикрит маңында жүрген Ирак әскери техникалары.
Тикрит маңында жүрген Ирак әскери техникалары.

Ирак және АҚШ бастаған коалиция күштерінің әскери ұшақтары бүгін "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы содырлары бақылауда ұстап тұрған Тикрит қаласының маңына әуеден соққы берген. Бұл туралы Ирак үкіметі хабарлады.

Ирак қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Тахсин Ибрахим Садиқтың мәлімдеуінше, Ирак әскери ұшақтары коалиция әуе күштерінің қолдауымен Тикриттегі "Ислам мемлекеті" ұйымы жетекшілерінің штаб-пәтері орналасқан нысандарға соққы берген.

Тикритті қайтару операциясына 20 мыңнан аса Ирак әскері мен шииттік әскерилендірілген жасағы қатысып жатыр.

"Ислам мемлекеті" экстремистері Ирактың солтүстігі мен Сирияның біраз бөлігін былтыр жазда басып алған.

XS
SM
MD
LG