Йемен президенті Абд-Раббу Мансур Хади 26 наурызда Сауд Арабиясына барып, осы елдің қорғаныс министрімен кездескен.
Сауд Арабиясы ақпарат құралдарының хабарлауынша, Мансур Хади қорғаныс министрімен Эр-Рияд әуе базасында кездескен.
АҚШ-тың жақын одақтасы Мансур Хади Йеменнен 25 наурызда, шииттік хусит көтерілісшілері өзі паналаған Йеменнің оңтүстігіндегі Аден қаласына жақындап қалғанда кетіп қалған.
25 наурызда Сауд Арабиясы Парсы шығанағы елдері коалициясымен бірлесе отырып Йемен астанасы Санадағы хусит көтерілісшілері бекінген нысандарға әуеден соққы бере бастаған. Шабуылдардан кемінде 18 тұрғын қаза тапқан.
Соңғы ақпараттар бойынша, коалиция күштері кейін Йеменнің оңтүстік-батысындағы Таиз қаласындағы нысандар мен Саада аймағын бомбалаған. Сауд Арабиясының АҚШ-тағы елшісі Абдел әл-Жубейр операция мақсаты "Йеменнің заңды билігін қорғау" екенін айтады.
Сауд Арабиясы ақпарат құралдарының хабарлауынша, операцияға 100-ге тарта әскери ұшақ пен 150 мыңға таяу сарбаз жұмылдырылған.