Accessibility links

Кәсіпкерлер палатасы сайлауға қатысуға шақырады


Отандық өнімдегі сайлауға шақыру стикері. Сурет ұлттық кәсіпкерлер палатасынан алынды.
Отандық өнімдегі сайлауға шақыру стикері. Сурет ұлттық кәсіпкерлер палатасынан алынды.

Қазақстан ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Әркімнің дауысы маңызды!» атты ақпараттық акция бастағандарын хабарлады.

ҰҚП басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаевтың сөзінше, «бұл шараның маңызы - шағын және орта кәсіпкерліктің белсенділігін арттырып, халықты сайлау күні дауыс беруге үгіттеу».

Акция барысында дүкен сөрелеріндегі отандық тауарларға сайлауға шақыратын арнайы стикерлер жапсырылмақ. Сондай-ақ, дүкен, кафе, мейрамханаларда сайлау күнтізбесі қойылмақ.

«Бұл шаралар белгілі бір кандидатты үгіттеу немесе саяси күшке қолдау білдіру емес» дейді Нұржан Әлтаев.

Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес пен биліктің әріптестігімен кәсіпкерлікті дамыту үшін 2013 жылы құрылған, өзін өзі басқаратын коммерциялық емес ұйым.

XS
SM
MD
LG