Accessibility links

Кәрішал Асановты соңғы сапарға шығарып салды


Қазақ диссиденті, жазушы Кәрішал Асанов.
Қазақ диссиденті, жазушы Кәрішал Асанов.

Қазақ диссиденті, жазушы Кәрішал Асановты бүгін Алматыдағы Кеңсай зиратына жерледі.

Марқұмды Алматыдағы үйінен соңғы сапарға туған-туыстары, бірқатар қоғам қайраткерлері мен белсенділер шығарып салды.

Кәрішал Асанов совет өкіметі кезінде және Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін де билікті сынаған адам ретінде танылған. 1992-2000 жылдар аралығында «Қазақстан президенті Назарбаевтың ар-намысын қорлаған» деген айыппен екі рет қылмыстық жауапқа тартылған.

Кәрішал Асанов – он шақты кітаптың авторы. Ол қуғындалған жазушылар мен журналистерге берілетін халықаралық Хеллман – Хэммет сыйлығының лауреаты. Биыл 10 наурызда оған Қазақстандағы оппозициялық ұйымдар тағайындаған «Азаттық» сыйлығы берілген.

Кәрішал Асанов жұма күні кешке 79 жасында дүниеден өтті. Ол бір ай бұрын жүрегінде қан алмасуы нашарлаған деген күдікпен ауруханаға жатып шыққан еді.

XS
SM
MD
LG