Киев соты жемқорлық пен қызмет бабын теріс пайдаланған деген күдікпен ұсталған Украина төтенше жағдайлар мемлекеттік қызметінің бұрынғы басшысы Сергей Бочковскийді екі ай мерзімге тұтқындауға санкция берді.
Сот шешімі бойынша, Бочковский бір миллион екі жүз мың гривен төлеп кепілге шыға алады. Тергеушілер Бочковский дәл осындай сомаға зиян келтірген деген болжам ұстанады.
Сергей Бочковский мен оның бірінші орынбасары Василий Стоецкийді наурыздың 25-і күні үкімет отырысы кезінде ұстаған еді. Тікелей телетрянсляция арқылы көрсетіліп жатқан үкімет жиынынан Бочковскийді қолына кісен салып алып кеткен. Бұдан соң екеуі де қызметтерінен босатылған.
Ол Украина төтенше жағдайлар мемлекеттік қызметін былтырғы сәуір айынан бастап басқарған.