Accessibility links

Жаңа Зеландия журналисін Киевте соққыға жыққан


Киев көшесінде. (Көрнекі сурет)
Киев көшесінде. (Көрнекі сурет)

Киевте белгісіз біреулер Жаңа Зеландия журналисі Джаред Морганды ұрып-соғып кеткен. Миы шайқалған журналисті Киев қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасына түскен. Бұл туралы украиналық «Телекритика» басылымына сілтеп УНН хабарлады.

Журналист Андрей Алексиннің басылымға хабарлауынша, оқиға Морган тұратын үйдің жанында болған. Ол журналистке үш адам шабуыл жасағанын айтқан. Алексиннің сөзінше, олар Морганның телефонмен ағылшын тілінде сөйлескенін естіп, одан Украинада не істеп жүргенін сұраған. Журналист бұл елді жақсы көретінін және Майданды мақтан тұтатынын айтып жауап берген. Мұны естіген әлгі үшеуі оны балағаттап, соққының астына алған.

Джаред Морган Киевте 2011 жылдан бері тұрады.

XS
SM
MD
LG