Accessibility links

Денис Тен әлем чемпионатында қола алды


Қазақстан мәнерлеп сырғанаушысы Денис Тен "Төрт құрлық чемпионатында" өнер көрсетіп жатқан сәті. Сеул. 14 ақпан 2015 жыл
Қазақстан мәнерлеп сырғанаушысы Денис Тен "Төрт құрлық чемпионатында" өнер көрсетіп жатқан сәті. Сеул. 14 ақпан 2015 жыл

Қытайдың Шанхай қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты аяқталды.

Ерлер арасында қазақстандық Денис Тен қола медаль иеленді. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 267,72 ұпай жинады.

Алтынды испандық Хавьер Эрнандес иеленді — 273,90. Ал былтырғы әлем чемпионы, Сочи олимпиадасының чемпионы жапониялық Юдзуру Ханю күміс алды — 271,08 ұпай.

Тен ақпанда Сеулде (Оңтүстік Корея) өткен "Төрт құрлық чемпионатында" 289,46 ұпаймен алтын алған.

Тен 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2014 жылы Сочи олимпиадасының қола медалін иеленген.

2016 жылғы әлем чемпионаты Бостонда (АҚШ) өтеді. Бұл чемпионатқа Қазақстанның атынан екі ер конькиші қатысады.

XS
SM
MD
LG