Бүгін түнде Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 135 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-зертханалық орталығы хабарлайды.
«Наурыздың 29-ы күні Алматы уақытымен 2 сағат 55 минут 12 секундта Қазақстанмен көрші Қырғызстан аумағында 4,3 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді» деп хабарлады орталық сайтында жарияланған ақпаратта.
Орталық дерегі бойынша, жер сілкінісінің ошағы он бес километр тереңдікте болған.
Жер сілкінісінің дүмпуі Алматы өңірінде сезілмеген және зардап шеккендер мен қираған нысандар жайлы ақпарат түспеген.