Accessibility links

Алматы әуежайында ауа-райынан ұшақтар бөгелді


Алматыдағы қар. 30 наурыз, 2015 жыл.
Алматыдағы қар. 30 наурыз, 2015 жыл.

Алматы әуежайында ауа-райының қолайсыздығынан бірнеше рейс бөгелді деп хабарланды әуежайдың ресми вебсайтында.

Алматыда 29 наурыздың кешінен бері толассыз қар жауып тұр. Қазақстан аумағынан өтіп жатқан суық атмосфера ағыны республикада ауа температурасын төмендеткен.

Қалалық ішкі істер департаментінің ақпаратына қарағанда, Алматыда соңғы тәулікте 15 жол-көлік оқиғасы болып, 12 адам зардап шеккен. Департамент қолайсыз ауа-райы қаладағы жол қозғалысын қиындатып жібергенін айтады.

"Қазгидромет" мекемесі мен Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті қалада секундына 25 метрге дейін жететін жел соғуы мүмкін деп болжайды.

XS
SM
MD
LG