Accessibility links

Германия мен Франция министрлері Астанаға келмейтін болды


Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер.
Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер.

Германия мен Францияның сыртқы істер министрлері 30 наурызда Астанада өтетін шетелдік елшілер конференциясына қатыспайтын болды.

Бұл жайында Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен телефонмен сөйлескенінде айтқан.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Штайнмайер Астанаға сапарынан Швейцарияның Лозанна қаласында өтіп жатқан Иранның ядролық бағдарламасына байланысты келе алмайтынын білдірген.

Иран келіссөзіне Штайнмайермен бірге Франция сыртқы істер министрі Лоран Фабиус та қатысып отыр.

XS
SM
MD
LG