Accessibility links

ОСК тағы 153 шетелдк бақылаушыны тіркеді


Орталық сайлау комиссиясының баспасөз орталығы. Астана, 12 наурыз 2015 жыл.
Орталық сайлау комиссиясының баспасөз орталығы. Астана, 12 наурыз 2015 жыл.

Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) шетелдер мен халықаралық ұйымдардың тағы 153 өкілін кезектен тыс президент сайлауына бақылаушы етіп тіркеді.

Тіркелгендердің көпшілігі, 144 бақылаушы - ТМД елдерінен. Сайлауға Шанхай ынтымақтастық ұйымынан (ШЫҰ) - бес адам, Грекиядан - үш адам, Германиядан бір адам бақылау жасайды.

ОСК 30 наурызға дейін ЕҚЫҰ, ТМД мен ШЫҰ-ның және 19 шет мемлекеттің 236 бақылаушысын тіркеген.

Президент сайлауына шетелдік және халықаралық бақылаушыларды тіркеу 20 сәуірде аяқталады.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 26 сәуірде өтеді.

XS
SM
MD
LG