Accessibility links

Қазақстан балуандары Моңғолияда 7 медаль алды


Еркін күрес (Көрнекі сурет)

Еркін күрестен Улан-Баторда аяқталған "Mongolia Open" жарысында Қазақстан екі алтын, бір күміс, төрт қола жеңіп алды.

Әйелдер арасында 48 килограмда Азия чемпионы Татьяна Аманжол финалда америкалық Алиса Лампэні жеңіп, жарыс жеңімпазы атанды. 69 килограмда Эльмира Сыздықова финалда Пекин олимпиадасының қола жүлдегері америкалық Ранди Миллерді жеңді.

Ерлер арасында 74 килограмда Болат Сакаев финалда Доржваанчигийн Гомбодорждан жеңіліп, күміс медальге ие болды.

Сондай-ақ Ирина Кисель (55 кг), Айым Абдильдина (58 кг), Екатерина Ларионова (63 кг) және Гүлмарал Еркебаева (75 кг) қола медаль иеленді.

XS
SM
MD
LG