Accessibility links

АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінде атыс болды


АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігі ғимараты, Мэриленд штаты. (Көрнекі сурет).
АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігі ғимараты, Мэриленд штаты. (Көрнекі сурет).

АҚШ-тың Мэриленд штатында Ұлттық қауіпсіздік агенттігі (NSA) штаб-пәтері орналасқан ғимаратта 30 наурыз күні болған атыста бір адам қаза тауып, екі адам жараланды.

Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі директоры Джонатан Ридтің мәлімдеуінше, ғимаратқа келген белгісіз жеңіл көлік кезекші офицердің нұсқауына мойынсұнғысы келмей, ғимарат қақпасын соғып кірмек болған. Бұдан соң көлік жолды жапқан полиция көлігіне соқтығысқан. Шабуылдағандардың бірі оқиға орнында қаза тауып, екіншісі жараланып ауруханаға жеткізілген.

Федералдық тергеу бюросының (ФБР) Балтимордағы басқармасы өкілі Эми Торесон BBC-ге ведомство оқиғаның терроризмге қатысы бар деп санамайтынын айтқан.

Ал Associated Press агенттігі аты-жөнін атамаған дереккөзіне сілтеме жасап, көліктегі екі еркектің әйел киімін киіп алғанын хабарлады. Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің мәлімдемесінде оқиға кезінде тағы бір полицей жараланғаны айтылады.

АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің штаб-пәтері Вашингтоннан солтүстік-шығысқа қарай 30 километр қашықтықта Мэриленд штатының Форт-Мид деген жерінде орналасқан.

XS
SM
MD
LG