Қазақстанда жергілікті мәслихаттардың орнынан түскен 59 депутаты орнына жаңадан депутаттар сайланды.
Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) хабарлауынша, 29 наурызда өткен мәслихат депутаттарын сайлау нәтижесінде Астана қалалық мәслихатына - бір депутат, облыстық мәслихаттарға - сегіз депутат, қалалық мәслихаттарға он депутат және аудандық мәслихаттарға 40 депутат сайланған.
59 орынға ұсынылған 196 үміткердің 179-ы кандидат ретінде тіркелген.