Accessibility links

Киев полициясының экс-басшыларына іздеу жарияланды


Киевтегі үкіметке қарсы шерушілер мен полицияның қақтығысы. Украина, Киев, 19 ақпан 2015 жыл.
Киевтегі үкіметке қарсы шерушілер мен полицияның қақтығысы. Украина, Киев, 19 ақпан 2015 жыл.

Украина бас прокуратурасы Киев полициясының бұрынғы басшысы Валерий Мазан мен оның орынбасары Петр Федчукті 2014 жылдың ақпанында "Еуромайдан" акциясына қатысушылардың басып-жанышталуына қатысы бар деп іздеу салынған күдіктілер қатарына енгізді.

Бас прокуратураның 31 наурызда хабарлауынша, Виктор Янукович биліктен түспей тұрып Киев полициясын басқарған Мазан мен Федчук 2014 жылы ақпанның 18-19-ында Киевтегі Тәуелсіздік алаңында үкіметке наразыларды полицияның күшпен таратуын ұйымдастырды деген күдіккке ілінген. Қазір Мазан мен Федчуктің қайда екені белгісіз.

Ресми есеп бойынша, сол күндердегі "заңсыз қару қолдану" салдарынан 13 адам оққа ұшып, 130 адам жараланған.

2014 жылы ақпан айының 18-21 аралығында "Еуромайдан" наразыларын күшпен таратып, басып-жаныштау кезінде 100-ден астам адам, оның ішінде қауіпсіздік қызметінің 17 өкілі қаза тапқан.

Наразылар мен полицияның қақтығысына дейін тоғыз шеруші қаза болған.

XS
SM
MD
LG