Accessibility links

Назарбаев Венгрия премьер-министрімен кездесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесіп отыр. Астана, 1 сәуір 2015 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесіп отыр. Астана, 1 сәуір 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесіп, Венгрияны Қазақстанның "Еуропадағы маңызды тірегі" деп атады.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев Қазақстан мен Венгрия халықтарын тарихи тұрғыдан жақын деп, Венгрияны "нағыз дос" деп атаған.

Виктор Орбан кездесуде Венгрия "әлемдегі ахуал қиындаған тұста" Астананың бұдан ары да ынтымақтасу келешегі туралы пікірін білуге ынталы екенін мәлімдеген.

Виктор Орбанның Қазақстанға сапары кезінде Астанада мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың қатысуымен Қазақстан-Венгрия бизнес форумы өтіп жатыр.

Венгрия сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Петер Сийярто форумда Қазақстан мен Венгрия үкіметтері екі ел ынтымақтастығы аясында Стратегиялық кеңес құру туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отырғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG