Украина энергетика министрі Владимир Демчишин Украина Ресей газын мың текше метрінің бағасы 250 АҚШ долларынан аспаған жағдайда ғана сатып алатынын хабарлады.
Киевте бүгін брифингте сөйлеген Демчишин Украинаның алдағы екі апта ішінде Ресейден газды 2016 жылдың наурызына дейін сатып алу туралы меморандумға қол қоюды жоспарлап отырғанын айтты. Ресей жағының Украина ұсынған газ бағасымен келіскені, я келіспегені белгісіз.
Ресейлік "Газпром" компаниясы 2014 жылы қазан айында Еуропа Одағының араласуымен жасалған келісім бойынша Украина 2015 жылдың алғашқы тоқсанында мың текше метр газды 329 АҚШ долларынан алып келгенін айтады. Бұл келісім наурыздың 31-і аяқталуы тиіс болған.
Ресей президенті Владимир Путин 31 наурызда келісім мерзімін ұзартуға қарсы емесін білдірген.