Accessibility links

АҚШ Швециядан Өзбекстандағы пара алу ісін тергеуге көмек сұрады


TeliaSonera компаниясының логотипі. (Көрнекі сурет).
TeliaSonera компаниясының логотипі. (Көрнекі сурет).

АҚШ билігі Швециядан Өзбекстан билігі өкілдерінің қатысуымен болған пара алу және қаржы жымқыру ісін тергеуге байланысты 30 миллион АҚШ долларына тең активті бұғаулауды ресми түрде сұрады.

Швециялық журналистің Азаттыққа хабарлауынша, АҚШ әділет министрлігі жолдаған хатта "Вымпелком" ресей-норвег компаниясы, ресейлік МТС және TeliaSonera швед-фин компаниясының өзбек билігі өкілдеріне осы елде байланыс қызметін көрсету лицензиясын алу үшін "пара бергені" айтылған. Құжатта тергеу деректері бойынша пара ретінде берілген қаржының "әлемдегі жалған компаниялар арқылы жымқырылғаны" көрсетілген.

Швеция билігі TeliaSonera-ға қатысты тергеу аясында 30 миллион АҚШ долларына бағаланатын активті ендігі бұғаулап қойды.

TeliaSonera компаниясы Өзбекстан президентінің үлкен қызы Гүлнара Каримоваға өзбек телекоммуникация нарығына кіру үшін миллиондаған доллар пара берді деп айыпталып жүр.

XS
SM
MD
LG