Accessibility links

Иран келіссөзі бүгін де жалғасады


Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф келіссөз кезінде. Швейцария, Лозанна, 1 сәуір 2015 жыл.
Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф келіссөз кезінде. Швейцария, Лозанна, 1 сәуір 2015 жыл.

Иран ядролық бағдарламасына қатысты Швецияның Лозанна қаласында өтіп жатқан халықаралық келіссөз бүгін, 2 сәуірде де жалғасады. Иран мен әлемдік алты держава - АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания, Германия және Франция өкілдері 31 наурызда кесімді мерзімде алдын-ала келісім жобасын жасай алмаған.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер "саяси келісімге" қол жеткізу үшін сәуірдің 2-сіне дейін Лозаннада қалатындарын білдірді.

Франция сыртқы істер министрі Лоран Фабиус сәуірдің 1-і күні кешке келіссөзге қатысу үшін Парижден қайтып Лозаннаға барды. Ол 31 наурызда келіссөз "тым баяу жүріп жатыр" деп Парижге қайтып кеткен еді.

Ақ үй өкілі Джош Эрнест Вашингтонда журналистерге "Иранның бірқатар шешім қабылдайтын уақыты келді" деп мәлімдеді.

Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф журналистерге Иран емес, керісінше әлемдік державалар "шегініс жасауы қажет" деді.

Тараптар Иранның ядролық бағдарламасының кейбір тұстарын біраз уақытқа тоқтатып, есесіне бұл елге салынған экономикалық санкцияларды жеңілдету туралы уағдаластыққа келуге ұмтылуда. Алдын-ала жасалған келісім бойынша маусым айының соңына дейін түпкілікті келісім жасау жоспарда бар.

XS
SM
MD
LG