Accessibility links

Сенат ойын бизнесі заңына түзету енгізуді қолдады


Парламент сенаты, Астана. (Көрнекі сурет).
Парламент сенаты, Астана. (Көрнекі сурет).

Парламент сенатының депутаттары бүгін алғашқы оқылымда ойын бизнесі туралы заңнамалық актілерге түзетулер енгізу туралы заң жобасын мақұлдады.

Өзгерістер жобасында интернет ойынханаларының, оның ішінде Қазақстан территориясындағы шетелдік интернет ойынханаларының қызметіне тыйым салу, ойын бизнесіне лицензия беру талаптарын қатаңдату жайы қарастырылған.

Бұдан өзге, заң жобасында көп пәтерлі тұрғын үйлерде ойынханалардың, тотализатор кассалары мен букмекерлік кеңселердің орналасуына тыйым салу көзделген. Өзгерістер бойынша, мұндай ойын мекемелері тұрғын үйге жатпайтын ғимараттар мен жеке тұрған ғимаратта орналасады. Бұған қоса ойын бизнесімен айналысатындардан алынатын ай сайынғы салық та өседі.

Заңға өзгерістер мен қосымшалар енгізу жобасы парламент қарауына наурыздың ортасында түскен.

XS
SM
MD
LG