Accessibility links

Ауғанстанда терактіден 16 адам мерт болған


Ауғанстанның Хост қаласындағы жарылыс болған жер. 2 сәуір 2015 жыл.
Ауғанстанның Хост қаласындағы жарылыс болған жер. 2 сәуір 2015 жыл.

Ауғанстанның шығысындағы Хост қаласында жанкешті шабуылынан 16 адам қаза тауып, 40-тан аса адам жараланған. Ресми орындардың ақпараты бойынша, жараланғандар арасында Ауғанстан парламенті қорғаныс істері жөніндегі комитетінің жетекшісі Хумаюн Хумаюн да бар.

Азаттықтың Ауған қызметінің хабарлауынша, күшті жарылыс Хост уәлаятының губернаторына қарсы наразылық кезінде болған. Губернатор орынбасарына сілтеме жасаған ақпарат құралдары денесіне бомба жасырған жанкешті көпшілік арасында өзін жарып жіберген деп хабарлады.

Әзірге жарылысты ешқандай топ мойнына алған жоқ.

2014 жылдың соңында НАТО мен АҚШ әскерінің Ауғанстандағы миссиясы ресми түрде аяқталғалы бері Ауғанстанда "Талибан" қозғалысының шабуылдары көбейген.

Қазір Ауғанстанда АҚШ-тың 9800-ге тарта әскері қалды.

XS
SM
MD
LG