Accessibility links

Киев орталығында жарылыс болды


Киевтің орталығы. (Көрнекі сурет)
Киевтің орталығы. (Көрнекі сурет)

Киевтің орталығында бүгін таңертең бомба жарылды. Банк бөлімшесі ғимаратына кіреберісте болған жарылыстан ғимараттың есіктері бүлініп, терезелері сынған, ешкім зардап шекпеген.

Украина оңтүстігіндегі портты Одесса қаласында және шығысындағы Харьков қаласында соңғы айларда бірнеше рет жарылыс болған. Бұл екі қала да ресейшіл сепаратистермен қақтығыс болып жатқан аймақтан қашықтау орналасқанымен, жарылыстар негізінен сепаратистерге қарсы соғысып жатқан, үкімет әскерімен байланысы бар ұйымдарды нысанаға алып жасалған. Украина билігі ол жарылыстардың көпшілігін ресейшіл сепаратистерден көреді.

Украина қауіпсіздік қызметі сәуірдің 1-і күні Одессада желтоқсан мен наурыз айлары аралығында болған жарылыстарға қатысы бар деген күдікпен үш адамды ұстаған.

XS
SM
MD
LG