Accessibility links

Lufthansa ұшақ апаты құрбанының отбасына 50 мың еуродан төлейді


Германияның Гамбург қаласы әуежайында тұрған Lufthansa компаниясы ұшағы. (Көрнекі сурет).
Германияның Гамбург қаласы әуежайында тұрған Lufthansa компаниясы ұшағы. (Көрнекі сурет).

Германияның Lufthansa әуе компаниясы Альпі тауларында ұшақ апатынан қаза тапқан әрбір адамның отбасына 50 мың еуроға дейін төлейтінін хабарлады. Бұл туралы Азаттыққа Lufthansa компаниясы баспасөз қызметінің өкілі Вольфганг Вебер хабарлады.

Оның сөзінше, қаза тапқандардың туыстары апатқа қатысты шағым білдіріп жатса, бұл төлем сот процестерінде есепке алынбайды. Компания бұған қоса құрбан болғандардың туыстары апат орнына барғысы келсе, олардың барып қайту шығындарын да көтермек.

Наурыздың 24-і күні Lufthansa-ның еншілес Germanwings әуе компаниясына тиесілі Airbus A320 ұшағы Барселонадан Дюссельдорфқа бара жатып Альпі тауларында апатқа ұшырап, борттағы 150 адамның барлығы қаза тапқан. Олардың арасында Қазақстанның үш азаматы - 50 жастағы Ербол Иманқұлов пен оның әйелі, 49 жастағы Айжан Исенғалиев және 25 жастағы ұлдары Әділ Иманқұлов болған.

Қаза тапқандардың алтауы - экипаж мүшелері. Апат құрбандарын тану үшін ДНК сараптамасы жасалып жатыр.

Тергеушілердің болжамынша, ұшақтың екінші ұшқышы Андреас Любиц капитанның кабинадан шығып кеткенде есікті іштен жауып алып, ұшақты әдейі тауға соғып апатқа ұшыратқан.

XS
SM
MD
LG