Accessibility links

"Уральская неделя" жайлы сот үкіміне шағым берген


"Уральская неделя" газетінің шығарушысы Тамара Еслямова.
"Уральская неделя" газетінің шығарушысы Тамара Еслямова.

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаты Әлібек Сәтбаев жала жабу туралы өз арызы бойынша қылмыстық істі қараған соттың "Уральская неделя" газетінің шығарушысы Тамара Еслямова мен журналисі Талғат Омаровты және адвокат Абзал Құспановты ақтап шығарған үкіміне қарсы шағым берген. Бұл жайлы баспасөз құқығын қорғайтын "Әділ сөз" ұйымы хабарлады.

Соттың үкімі 20 наурызда шыққан. Әлібек Сәтбаев журналистер мен адвокатты "Уральская неделя" газетінде бір жыл бұрын шыққан өзі туралы мақалада "көпе-көрінеу жалған ақпарат таратты" деп айыптап, сотқа арыз түсірген.

Мақалада Абзал Құспановтың "балалары билік орындарында қызмет істейтіндіктен тергеушілер депутатты бюджет қаржысын жымқыру ісі бойынша жауапқа тартпады" деген пікірі келтірілген еді.

Бұған дейін сот Әлібек Сәтбаевтың ар-намысы мен абыройын қорғау туралы азаматтық шағымы бойынша Талғат Омаровты, "Уральская неделя" газетінің иесі мен адвокат Абзал Құспановты депутатқа 100 мың теңге төлеуге міндеттеген.

XS
SM
MD
LG