Accessibility links

Тәжікстанда көшкін басып қалғандарды іздеп жатыр


Көшкін болған жерде құтқару жұмыстарын атқарып жүрген адамдар. Файзобод ауданы, Тәжікстан, 4 сәуір 2015 жыл.
Көшкін болған жерде құтқару жұмыстарын атқарып жүрген адамдар. Файзобод ауданы, Тәжікстан, 4 сәуір 2015 жыл.

Тәжікстанда көшкіннен қаза болған екі адам бүгін жерленді. 27 және 25 жастағы немере ағайынды екі жігіт кеше Файзобод ауданында көшкін салдарынан мерт болған.

Азаттықтың Тәжік қызметінің хабарлауынша, көшкін басып қалған өзге бірнеше адамды іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Табиғи апат болған аймақта тағы да көшкін жүру қаупі бары айтылып отыр.

Тәжікстан билігі көшкіннен мерт болғандардың әрбірінің отбасына 10 мың сомониден (1700 доллар шамасында) ақша берілетінін мәлімдеген.

Бұған дейін Тәжікстан төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті сәуірдің 3-і күні Файзобод ауданында көшкін салдарынан 10 адам қаза болғаны туралы хабарлаған. Көшкін тауда жауған нөсерден кейін жүрген.

Территориясының 93 пайызы таулы аймақта орналасқан Тәжікстанда жыл сайын көктемде көшкін, тасқын және басқа да табиғи апаттардан адамдар құрбан болады.

XS
SM
MD
LG