Жексенбіге қараған түні Алматыдағы католик шіркеуінде Пасха мейрамына арналған діни рәсім өтті. Шіркеуде өткен салтанатты мінәжатты Алматыдағы қасиетті үштік епархиясының епископы Хосе Луис Мумбиела Сиерра жүргізді.
Христиан дінінде Пасха Ғайса жерленген соң үш күннен кейін қайта тірілген қасиетті күн ретінде атап өтіледі. Алматыда католиктер де бұл мерекені шіркеуде өткен салтанатты мінәжатқа қатысып қарсы алды.
Қазіргі күнтізбе бойынша Пасха уақыты жылда айдың әр күніне түсіп отырады, бірақ бұлжымайтын дәстүр – бұл мейрам жексенбіде тойланады. 2015 жылы католик шіркеуі Пасханы сәуірдің 5-і күні, православ шіркеуі – 12 сәуірде тойлайды.
Қазақстандағы рим-католик шіркеуінің интернет сайтындағы ақпарат бойынша, Қазақстанда осы шіркеуге қарайтын 70-тен аса діни бірлестік жұмыс істейді.
Алматыдағы католик шіркеуінде Пасха мейрамындағы мінәжат:
-
Қазис ТОҒЫЗБАЕВ
Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.