Accessibility links

Луганск облысында төрт әскери мерт болған


Украинаның Луганск облысындағы Счастье қаласының көрінісі.
Украинаның Луганск облысындағы Счастье қаласының көрінісі.

Украиналық әскерилер мінген автокөлік Луганск облысындағы Счастье қаласының маңында минаға түскен. Жарылыс салдарынан төрт адам қаза тапқан, жараланғандар саны анықталып жатыр деп хабарлады Луганск облыстық мемлекеттік әкімшілік өкілі Ярослав Галас «112 Украина» телеарнасына. Оның айтуынша, Северский Донец өзені арқылы өтетін көпірге басқарылатын фугас орнатылған. 92-бригада жауынгерлері отырған көлік соған тап болған.

Украина ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша, Донецк облысындағы үлкен қалаларда көшедегі күзет күшейтілген, оны милиция, мемлекеттік жол автоинспекциясы мен «Сокол» арнайы бөлімшесі бірлесіп атқарады.

Украинаның шығысындағы арнайы операциялар баспасөз қызметі сенбі күні кешкі сағат алтыдан бастап түн ортасына дейін әскери іс-қимылдар аймағындағы жағдай мазасыз болғаны туралы хабарлады. Ол ақпарат бойынша, сепаратистер оқ атпау режимін 14 рет бұзған. Әсіресе Донецк маңайында, Грантиное кенті, Пески, Опытное, сондай-ақ Майорск, Марьинка мен Авдеевка елді мекендері тұсында украиналық әскерилердің позицияларын атқылаған.

XS
SM
MD
LG