Accessibility links

Малайзияда тікұшақ апатынан қырғызстандық қаза тапты


Малайзияда болған тікұшақ апатынан Қырғызстан азаматы Айдана Байзиева қаза тапты деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Қырғызстанның Малайзиядағы елшісі Кылычбек Султановтың айтуынша, Байзиева тікұшақтың екінші ұшқышы болған. Бірақ елшілік тіркеуіне тұрмағандықтан Малайзияда қашаннан бері жүргені белгісіз.

Тікұшақ 4 сәуірде Малайзияның Семеньих қаласына жақын жерде құлаған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қаза тапқан алты адамның арасында Малайзияның жоғары шенді шенеуніктері де болған.

XS
SM
MD
LG