Accessibility links

Дияс әлемдік рейтингте 31-орынға көтерілді


Зарина Дияс

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс 6 сәуірде жарияланған әлемдік рейтингте 31-орынға көтерілді. Ол өткен аптадағы рейтингте 32-орында болған. Қазір Зарина Дияста 1425 ұпай бар.

Қалған екі қазақстандық теннисші Ярослава Шведова 74-орыннан 78-орынға түссе, Юлия Путинцева 102-орыннан 99-орынға көтерілді.

Қазақстанның үш теннисшісі де 6 сәуірде Чарлестонде басталатын Family Cup жарысына қатысады.

Ерлер арасындағы әлемдік рейтингте Михаил Кукушкин 57-орыннан 53-орынға шықса, Андрей Голубев 89-орыннан 96-орынға төмендеді.

Әлемдік рейтингте америкалық Серена Уильямс (әйелдер) мен серб Новак Джокович (ерлер) бірінші орында тұр.

XS
SM
MD
LG