Accessibility links

Қазақстан хоккейшілері бірінші дивизионға шықты


Шайбалы хоккей

Әйелдер арасында хоккейден әлем чемпионаты екінші дивизионының «А» тобында Қазақстан құрамасы бірінші орын алды.

Шотландияда өткен турнирде Қазақстан Оңтүстік Кореяны (2:0), Польшаны (4:1), Жаңа Зеландияны (10:0), Хорватияны (12:1) және Ұлыбританияны (2:0) жеңді.

Осы жеңістерден кейін Қазақстан 2016 жылы өтетін әлем чемпионатының бірінші дивизионында ойнауға мүмкіндік алды.

IIHF (Халықаралық хоккей федерациясы) ережесі бойынша әлем чемпионаты бірнеше топқа бөлініп өткізіледі. Әлемдегі ең мықты сегіз құрама - элиталы топта, деңгейі орташа командалар - бірінші дивизионда, ал ойын нәтижелері төмен командалар екінші дивизионда ойнайды.

Жыл сайын әр дивизионда бірінші орын алған команда келесі дивизонға шықса, соңғы орын алған команда, керісінше, бір топқа төмендейді.

XS
SM
MD
LG