Accessibility links

Әскерге шақыруға қатысты "шұғыл желі" құрылды


Отан қорғаушылар күніне орай өткізілген әскери парадқа қатысушы қазақстандық әскерилер. Алматы облысы, 7 мамыр 2013 жыл. (Көрнекі сурет).
Отан қорғаушылар күніне орай өткізілген әскери парадқа қатысушы қазақстандық әскерилер. Алматы облысы, 7 мамыр 2013 жыл. (Көрнекі сурет).

Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру науқанының басталуымен "шұғыл желі" уақытша арнайы штабы құрылды деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.

Қорғаныс министрлігінің ақпаратына қарағанда, тұрғындар "шұғыл желіге" хабарласып биылғы әскерге шақыруға байланысты сұрақтар, оның ішінде құжат тапсыру, медициналық тексеруден өту сияқты сауалдарға жауап ала алады.

Биыл Қазақстанда 18 бен 27 жас аралығындағы 30 мыңға тарта адамды әскерге шақыру жоспарланған. Оның 15 мыңнан астамы сәуір мен маусым айларында шақырылмақ.

XS
SM
MD
LG