Accessibility links

Донбасста атыстан екі бейбіт тұрғын жараланды


Донецк қаласында көліктерге тиелген ресейшіл сепаратистердің танктері. Украина, 27 наурыз 2015 жыл.
Донецк қаласында көліктерге тиелген ресейшіл сепаратистердің танктері. Украина, 27 наурыз 2015 жыл.

Донбасстағы ресейшіл сепаратистер 5 сәуірдің кешінен бері қақтығысты тоқтату келісімін 14 рет бұзды деп хабарлады бүгін Шығыс Украинадағы арнайы операция баспасөз орталығы.

Әскерилердің дерегінше, сепаратистер өздерінің Широкино, Ленинское және Пески елді мекендеріне жақын позицияларын үш рет атқылаған. Мариуполь маңында сепаратистер ұшқышсы басқарылатын аппарат көмегімен жеті рет барлау жасаған.

Ал өзін-өзі жариялап алған "Донецк халық республикасы" украин әскерилері 5 сәуір кешке Донецк әуежайы мен Октябрьский елді мекеніне артиллериядан оқ атқанын мәлімдеді. Атқылаудан елді мекенде бір үй өртенген.

Широкино түбінде "Газель" көлігі де атқыланып, екі адам жараланған. Сепаратистердің айтуынша, оқиға орнына ЕҚЫҰ-ның арнайы бақылау миссиясы барған. Сепаратистер өткен тәулікте украин әскерилері Донбасста 15 ақпаннан бері орнаған қақтығысты тоқтату режимін 23 рет бұзды дейді.

XS
SM
MD
LG