Украинаның Донецк облысында ресейшіл сепаратистер 16 әскери тұтқынды босатты.
Өзін-өзі жариялап алған "Донецк халық республикасының" омбудсмені Дарья Морозованың айтуынша, босатылған украин әскерилері - "Донецк халық республикасы" ұстап отырған соңғы тұтқындар. Украиналық УНИАН сайты автобусқа отырып жатқан босатылған сарбаздардың суретін жариялады.
Украина президенті Петр Порошенко Twitter-дегі аккаунтында "16 батырдың" босатылғанын растап, сарбаздардың Краматорскіге кеткенін мәлімдеді.