Алматы облысындағы "Іле" полигонында халықаралық "Дала қыраны-2015" жаттығуы басталды. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, 6 сәуірде болған жаттығудың ашылу салтанатына АҚШ, Ұлыбритания әскерилері мен Қазақстан қарулы күштері "Қазбриг" бітімгерлік бригадасының өкілдері қатысқан.
Жаттығу мақсаты қазақстандық бітімгерлік күштерінің БҰҰ бітімгерлік операцияларына қатысуы кезінде "іс-тәжірибесі мен жұмыс істеу машығын жетілдіру" болып саналады.
Осымен он үшінші рет өткізіліп отырған тактикалық арнайы жаттығудың алғашқы кезеңі 6 сәуірден 17 сәуірге дейін өтеді. Жаттығудың екінші кезеңі маусым айына жоспарланған.